Жеңіл атлетика, қысқы және аралас техникалық спорт бөлімінің кафедрасының тәрбие жұмысы
Кафедрада студенттерімен әр түрлі бағыттар бойынша тәрбие жұмысы жүргізіліп отырады. «ҚайМар» тау шаңғы базасында 1 курс студенттерімен оқу-шаңғы сабақтары өткізіледі.
Ұлтаралық қатынастар және бірінші кезекте патриоттық тәрбие. Қыс мезгілінде 2019-2020 жылдары халықаралық жарыстар, 2017 жылғы өткізілген Дүниежүзілік қысқы Универсиадағы студенттердің жетістіктерін мысал ретінде келтіруге болады. Кафедра оқытушылары спорт ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырып қалалық және республикалық іс-шараларға студенттермен бірге қатысып отырады. Жеке кесте бойынша оқитын студенттердің (60% жалпы саннан), ҚР Олимпиада команадасының спортшыларының сабақ үлгерімдері үнемі қадағаланып отырады.Тәрбие мақсатына байланысты ҚР атақты жаттықтырушыларымен түрлі сұхбаттарды ОПҚ студенттермен жүргізіп отырады.
Суретте ҚРспорт ардагаері ҚСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Павел Георгиевич Семёновпен кездесу.
2018 жылдың қараша айында «ҚайМар» тау шаңғы базасында кафедра студенттерімен оқытушылар оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуде.
2023 жылдың қараша айында кафедра студенттерінің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесуін ұйымдастырып, өткізді.
Жыл сайын кафедра «Қаймар» тау шаңғысы курортында Академия қызметкерлері мен оқытушылары үшін «Денсаулық күнін» ұйымдастырады және өткізеді. Салауатты өмір салтына арналған.