«Мевлана» академиялық алмасу

Mevlana

«Мевлана» алмасу бағдарламасына кім қатыса алады?

  • Түркияның жоғары оқу орындарының, сонымен қатар Түркияның Жоғары білім беру жөніндегі кеңесімен танылған шетелдің оқу орындарының студенттері мен оқытушылары жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы екі жақты хаттамаға қол қойылған жағдайда «Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысуға құқығы бар.

«Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысу үшін студенттерге қойылатын талаптар

  • – студент ассоциат, бакалавр, магистр немесе доктор дәрежесін алу бойынша жоғары білім беру бағдарламалары бойынша білім алуы тиіс
  • – бакалавриат студенттерінің орташа балы 4-балдық шкала бойынша кемінде 2.5 балл құруы тиіс.
  • – магистратура мен докторантура білім алушыларының орташа балы 4-балдық шкала бойынша кемінде 3 балл құруы тиіс.
  • – 50% тіл емтиханы үшін бағаны, қалған 50% орташа балды құрайды.
  • Даярлық бағдарламасынан немесе бакалавриатта бірінші оқыту жылынан өтетін студенттер, сондай-ақ магистратурада немесе докторантурада ғылыми даярлық бағдарламалары бойынша оқытудан өтетін студенттер өзінің бірінші оқыту семестрінде «Мевлана» алмасу бағдарламасына қатыса алмайды.

«Мевлана» алмасу бағдарламасының талаптарына сай келетін студент қатысуға өтінішті қалай бере алады?

  • Студент өзінің университетінде «Мевлана» алмасу бағдарламасының үйлестіру бөліміне жүгініп және де барлық нысандарды тиісті түрде толтыра отырып, қатысуға өтініш бере алады.

«Мевлана» алмасу бағдарламасына қанша рет және уақыттың қандай кезеңі ішінде қатысуға болады?

  • Студенттер бір (минимум) семестрден немесе екі (максимум) семестрден бастап шетелде оқытудан өте алады. Семестрлердің ұзақтығы білім беру жүйесіне байланысты ерекшеленуі мүмкін, алайда «Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысудың жалпы кезеңі бір академиялық жылдан аспауы керек. Оқытушыларға бір аптадан (минимум) бастап үш айға (максимум) дейін шетелде лекцияларды оқуға болады.

Студенттер «Мевлана» алмасу бағдарламасы бойынша білім алу үшін ақы төлеуге тиіс пе?

  • Студенттер білім алу үшін төлемейді және оларға «Мевлана» алмасу бағдарламасының шеңберінде қабылдайтын университеттің пайдасына ешқандай қосымша шығыстар жүктелмейді, бірақ өздері келген университетке міндетті түрде білім алу үшін төлем жасауды жалғастырады (егер олар ақылы бөлімшенің студенттері болып табылса).

Студент қайтып келген соң алмасу бағдарламасы бойынша шетелдегі білім алу кезеңінің сынағы жүргізіле ме?

  • Студенттерге алмасу бағдарламасының шеңберінде оқытылатын курстар/дәрістер курстары Білім беру туралы келісім шеңберінде қайта сынақтан өтуге қабылдау үшін ресми түрде келісілген болғандықтан, студенттер қайта оралған кезде оларды сынақтардан қайтадан өтпейді.

«Мевлана» алмасу бағдарлама шеңберінде стипедия алу: студенттерге арналған қағидалар мен шарттар

  • «Мевлана» алмасу бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер өздері келген университеттен стипендиялар мен гранттарды алуды, сондай-ақ аталған университетте білім алу үшін төлем жасауды жалғастырады (егер олар ақылы бөлімшенің студенттері болып табылса). Студенттер «Мевлана» алмасу бағдарламасы шеңберінде қабылдайтын университетте білім алу үшін төлем жасамайды. «Мевлана» алмасу бағдарламасы шеңберінде студенттерге төленетін стипендияның мөлшері қабылдайтын университет елінің өмір сұру деңгейіне байланысты болады. Түркияның жоғары оқу орындарына білім алуға келген шетелдік студенттерге стипендияларды төлеу Түркияның Жоғары білім беру кеңесінің атқарушы комитетімен белгіленген нормаларға сәйкес жүргізіледі.Студентке ай сайын негізгі стипендиядан 70% төленеді. Стипендияның қалған бөлігі міндетті пәндерден сәтті өту нәтижесінде алынған кредиттердің жалпы арақатынасын есепке ала отырып, жүзеге асырылатын болады.
  • «Мевлана» алмасу бағдарламасының бюджетінің жетіспеушілігі жағдайында бағдарлама бойынша білім алу, бұл бағдарламаның басқа ережелеріне сәйкес келу шарты кезінде, стипендияларды төлеусіз жүзеге асырылуы мүмкін.

«Мевлана» алмасу бағдарламасы шеңберінде оқытушыларға стипендиялар мен өтемақыларды төлеу

  • Келіп жатқан оқытушыларға стипендияларды төлеу Түркияның Жоғары білім беру жөніндегі кеңесінің атқарушы комитетімен белгіленген нормаларға сәйкес жүргізіледі. «Мевлана» алмасу бағдарламасы шеңберінде келіп және кетіп жатқан оқытушыларға Іссапар шығыстары туралы заңына (№ 6245) сәйкес, екі жаққа билеттің құны өтелетін болады.

 

Close