АРХИВ

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне қандай өзгерістер қажет?

Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында жауап берді.
Ведомство басшысы Қазақстанды жаңа білім беру орталығына айналдыру үшін қажетті басым бағыттарды айтты.
– Біріншісі – инфрақұрылым. Өкінішке орай, Қазақстандағы академиялық инфрақұрылымға күрделі инвестициялар соңғы рет 70-ші жылдары болған. Назарбаев университетінен басқа, соңғы 65 жылда біз жаңа ештеңе ашқан жоқпыз және инвестиция салған жоқпыз, – деп атап өтті министр.
– Қазір білім берудегі үлкен дәуір басталып, мемлекет МЖӘ-ні ынталандыруға, білім беруге жаңа инвестициялар енгізуге мүдделі, – деді министр.
Сонымен қатар Саясат Нұрбек ол үшін заңнамадағы бірқатар нормалар, атап айтқанда, студенттік жатақханаларды салуға мемлекеттік тапсырыс форматына қатысты өзгертілгенін және болашақ инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын (жатақханаларды салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін азайту; жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке, ал Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін ұлғайту жайлы атап өтті.
Министр студенттер көп шоғырланған Алматы қаласында жоғары оқу орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жатақханалар мен оқу корпустарын салу бойынша жобалық кеңсе құрылғанын, оған министрлік өкілдері, қаржы мамандары, заңгерлер және басқалар кіргенін атап өтті. Команда Алматы әкімдігімен бірлесіп, әрбір университетпен мәселені жеке-жеке шешетін болады.
– Тек өткен жылы инвесторлардың қолдауымен 5-6 ай ішінде министрлік Президенттің тапсырмасы шеңберінде жатақханалардағы төсек-орын тапшылығын 87 мыңнан 75 мыңға дейін қысқарта алды, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Екінші негізгі мәселе, қаржы тапшылығы. Министр жаңа жатақханалар салу бюджетке әлеуметтік жүктеме болып табылатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселе келешегі ауқымды қазақстандық білім беру нарығының мүмкіндіктері арқылы шетелдік инвесторларды тарту арқылы шешіледі.

Проверьте также

Close
Close