sliderАРХИВ

«ҰЛТ МҮДДЕСІ ЖОЛЫНДА КҮРЕСКЕН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР»

Алаш Орда үкіметі мен Алаш партиясының құрылғанына 105 жыл толуына орай 29 сәуір күні Академияда «ҰЛТ МҮДДЕСІ ЖОЛЫНДА КҮРЕСКЕН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» деген тақырыпта тәрбие сағаты өтті.

A5F094C9-D6A6-4573-BB83-8E4BDBB82035 5A10B82B-59FE-49C6-9188-A8AB7556D9BE F2759558-9000-41DC-8A27-58E1F3456ABB 79B2C76B-B0F7-4ECA-8908-EA1AF7318686 9F2F35D2-3D72-42C8-B4FE-555307CDF625 5F5D8A72-8CE9-4305-A151-42FF4B0D6663 E58CE847-710F-4831-941D-DD7F8C56BE62 A6D58FD0-F70F-4F45-869A-9B8EC755887A F268ADD0-D629-40A1-A0CA-B908F2CE9AA0 036B0901-E712-41C6-8983-67FA2CE09A81 A962B7B7-005C-4CB9-A13C-50A6894C6FBD 9E63BAB8-617B-44C1-ABAD-DF53DD6BC419

Мақсаты: Азаттық пен Автономияны аңсаған, біртұтас қазақ мемлекетін құру жолында аянбай тер төккен Алаш арыстарын студенттерге таныстыру, насихаттау, олардың еңбегі мен өмірін үлгі ету, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбие сағатты ұйымдастырған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Калимаш Нұратдинқызы Жанғанатова және кітапхана ұжымы.

Нұргүл Салимгерейқызы Джумадилова басқаратын кітапхана ұжымының жетекші мамандары: Мейрамгалиева Жанна Касымжановна, Байбулова Ляззат Султанбековна, Рахимбекова Жанар Нургабыловналардың ұйымдастыруымен «Алаш Орда үкіметі мен Алаш партиясының құрылғанына 105 жыл» деген тақырыпта кітап көрмесі өтті.

Туризм Факультетінің 2 курс студенті Қалиасқарова Жанботаның әзірлеуімен «Алаш қайраткерлері» деген тақырыпта бейне материал түсіріліп,  студенттердің  назарына  ұсынылды.

Тәрбие сағатына Олимпиадалық спорт факультетінің 2 курс студенттері: Керім Думан, Қайрат Нұртұлға, Жайықұлы Мирас, Жұматұлы Бесінбай, Қажымұрат Бейбіт және т.б. студенттер қатысты.

Алаш партиясының негізін қалаушыларының бірі Әлихан Бөкейханов жайлы «Ұлт мүддесі жолында» деген тақырыпта студенттердің ұйымдастыруымен көрініс қойылды. Көрермен арасында «Тұлғанытаны» шығармашылық  тапсырма өткізілді. Міржақып Дулатұлының «Оян, Қазақ!», Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаштың Әлиханы» өлеңдері оқылды.

Тарихи іс-шараның құрметті қонақтарыҚазСТА оқу-әдістемелік бөлімнің төрайымы Тулеугалиева Сауле Серікқызы, Дене шынықтыру және спорт теориясы мен методикасы кафедрасының аға оқытушысы Бримкулова Асем Дулатовна және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Булгауов Шотбек Тұрсынбекұлы студенттердің өнері мен шығармашылығына риза болып, алғыстарын білдірді. Осындай тарихи іс-шараларды жиі-жиі өткізіп тұруға ұсыныс білдіріп, студент жастарға тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.

Проверьте также

Close
Close