sliderАРХИВ

“Олимп” Жайдарман тобы Маусымашар-2022 фестивалінде өнер көрсетті

2022 жылдың 14-19 наурыз аралығында, Нұр-Сұлтан қаласында Жайдарман ойынына құмар мыңдаған жастар тағы бір рет бас қосты.
Ж
айдарман жыл сайын Қазақстанның түпкір-түпкірінен жүздеген командаларды жинайды, бұл мыңдаған жайдарманды сүйетін жастар.
Маусымашардың ең басты міндеті – жайдарманшылардың бір-біріне қарым-қатынасы және бір командада жұмыс жасау мүмкіндігі. Бұл шын мәнінде жастар үшін баға жетпес тәжірибе.

Әр маусымның маңызды оқиғасы, аға буынның жас буынмен тәжірибе алмасуы, жаңа маусымда Республикалық лигаларда өнер көрсететін командалардың анықталуы.

Маусымашар – бұл қайталанбас атмосфера, командалардың өнер көрсетулері мен күнделікті ойын-сауық іс-шараларының үздіксіз қоспасы, бұл алдағы маусымға шығармашылық жастарды қуаттайтын әзіл мен көңілдің үздіксіз ағымы.

ЕСЕН ЕЛЕУКЕН

“Қазақстан КВН Одағы” РЖҚБ президенті

Маусымашар-2022 фестиваліне Қазақ спорт және туризм академиясы атынан «Олимп» Жайдарман тобы қатысты. I турдан сәтті өтіп, 164 команданың арасынан үздіктер қатарына кіріп, Семей қаласында өтетін Бірінші лигаға жолдама алды. Бұл Маусымашарға алғаш рет барып тұрған команда үшін үлкен жетістік.

Сонымен  қатар «Олимп» тобы 29 наурыз күні Satbayev University факультет аралық Жайдарман ойындарының жартылай финалында 3 орынға ие болып, финалға тікелей жолдама алды. Финал мамыр айына жоспарланып отыр.

WhatsApp Image 2022-04-21 at 11.58.26 WhatsApp Image 2022-04-21 at 11.58.26 (1)

Біздің студенттерімізден құралған «Олимп» Жайдарман тобы сәуір айының 16 жұлдызында Бірінші лиганың 1/8 финалдық ойындарына жол тартады, сәттілік тілеп қояйық!

Close