sliderАРХИВ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстелі

24 ақпан әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, еркін сөйлеп, пікір алмасып, ойымызды бүкпесіз жеткізу.

IMG_2073 IMG_2088 IMG_2139

Кіріспе сөзді қонағымыз, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша алдын ала бақылау департаментінің басшысы Салимбаев Қанат Әсембайұлы бастады. Өз сөзінде «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын» таныстырды.

Әрі қарай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетіндегі Халықаралық құқық кафедрасының доценті Самалдыков Максут Кошекович Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы заңнамасын реформалау қажеттілігін атап өтті.

IMG_2115 (1) IMG_2103 (1)IMG_2161

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тебегенова Эльвира Темирхановна «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық принциптері», заң ғылымдарының кандидаты, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Самалдыкова Зауре Максутовна «Сыбайлас жемқорлық түсінігі және онымен күресудің заңнамалық негізі» атты баяндамаларымен бөлісті.

Close