sliderАРХИВ

Оқу ордамыздың 5 бірдей студенті бокстан спорт-шебері атанд

Қарағанды қаласында ересектер арасында өткен бокстан дәстүрлі XXXVII Халықаралық турнирінде 63,5 кг салмақ дәрежесінде 1-курс студенті Бейқұт Жұмажан , 57 кг салмақ дәрежесінде 2-курс студенті Ақылтай Әбдімұратұлы және 60 кг салмақ дәрежесінде 4-курс студенті Дулат Тұрлыбекұлы қарсыластарының барлығын тізе бүктіріп, спорт-шебері атағын алды.

Сонымен қатар, Қазақстан біріншілігінде 54 кг салмақ дәрежесінде 4-курс студенті Даулет Молдашов және 71 кг салмақ дәрежесінде бақ сынасқан 3-курс студенті Нұржан Амангелді жүлделі орындарға ие болып, спорт-шебері атағын иеленді.

Құттықтаймыз!

Close