sliderАРХИВ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік кеш

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым» деген тақырыпта академия деңгейінде мерекелік кеш ұйымдастырды.

Кешке елімізге танымал тарихшы, филолог ғалымдар шақырылды. Олар:
1. ƏБЖАНОВ ХАНГЕЛДІ МАХМҰТҰЛЫ – Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарынығ докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі.
2. ТЕБЕГЕНОВ ТЕМІРХАН САҚАҰЛЫ – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.
3. АҚТАМБЕРДИЕВА ЗӘУРЕ САЛКЕЕВНА – Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетіндегі «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
4. ТЕБЕГЕНОВА АЛТЫНАРАЙ ТЕМІРХАНҚЫЗЫ – Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетіндегі «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор.

IMG_6923IMG_6966IMG_7073IMG_7010
Сонымен қатар «Үздік бейнеролик», «Үздік сурет», «Мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша сайыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде белсенді студенттер мен белсенді топтар мадақтамамен марапатталды.
Олар:
1. Плакат сайысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын: Руденко Милана, Иванова Ангелина FPSE 20-8 студенттері.
2 орын: FOS 21-13 тобы.
3 орын: TOUR 21-2 тобы.
2. Мәнерлеп оқу сайысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын Алибек Бек, Бердібай Қымбат.
2 орын Аубакиров Асқар, Берікбай Айнұр.
3 орын Әбдіреш Ерқанат, Бердібаев Алдаберген.
3. «Үздік бейне ролик» сайысы бойынша жеңімпаздар.
1 орын: Мұстажапқызы Гүлжанар.
2 орын: Дюсенғали Мақсат.
3 орын: FPSE 19-4 тобының студенттері Елуханова Дина, Алтайқызы Нұрдана, Төрехан Ақерке.

IMG_6956IMG_6916

Мерекелік іс-шара барысында патриоттық әндер айтылып, күмбірлеген киелі күй тартылды. Мерекелік кеш соңында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, информатика магистрі, PhD докторант Ибраимова Асель Әшімтайқызы қонақтарға алғысын білдіріп, кеш соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Close