sliderАРХИВ

Жансая Әбдімәлік жеңіспен елге оралды!

Шахматтан ерлер арасында гран-при жеңімпазы Жансая Әбдімәлік Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды «Қазақ Спорт және Туризм Академиясының»  Баспасөз қызметі. Спортшыны әуежайда жақындары мен ҚазСТА студенттері күтіп зор құрметпен қарсы алды. Айта кетейік, жарыс Гибралтарда өтті. Оған Әлемнің мықты деген 12 шахматшысы қатысқан. Соның ішінде Жансая мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Соңғы кезең алдында Жансая ресейлік Екатерина Лагномен кездесті. Ойын тең аяқталды. Бұл нәтиже қазақстандық шахматшы қыздың активіне тағы 0,5 ұпай қосуға мүмкіндік берді. Жалпы, он турдың қорытындысы бойынша Жансая сегіз ұпай жинады.
image-07-06-21-11-40-6image-07-06-21-11-40

image-07-06-21-11-40-4image-07-06-21-11-40-5

Қазақстандық шахматшы мен оның басты қарсыласы – Мария Музычуктен (Украина) ұпай айырмашылығы 1,5. Егер Жансая соңғы 11-турда жеңілген жағдайда да, оған қарсыластары ұпай санымен жете алмайды. Осылайша, ол осы турнирдің мерзімінен бұрын жеңімпазы атанды. Айта кету керек, Гибралтардағы турнирде спортшының пассивінде бірде-бір жеңіліс жоқ. Бұл Гран-придің кезеңдерінде жеңіліп көрмеген жалғыз шахматшы.

image-07-06-21-11-40-3image-07-06-21-11-40-1

Бұл жеңіс Қазақстан үшін атаулы турнирде жеңіске жеткен алғашқысы болды. Қуанышты ести салысымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта құттықтауды ұмытпады.

Алдағы уақытта Сочиде шілде айында өтетін Әлем чемпионатына қатысатындығын айтты. Олай болса, сәттілік! Жеңісті күндер көп болсын!

Проверьте также

Close
Close