АРХИВ

ЖҮЗДЕГЕН АБИТУРИЕНТ ГРАНТСЫЗ ҚАЛДЫ

        Қазақ спорт және туризм академиясының жүздеген абитуриенті грантсыз қалды. Дүйсенбі күні абитуриенттер, олардың әке-шешесі мен жаттықтырушылары оқу орнына жиналып, наразылық білдірді. Бұл туралы бүкіл Қазақстандық БАҚ  хабарлады.
      «Алматыдағы республикалық спорт колледжінің түлектері мен басқа өңірлердің тағы жүздеген оқушысы тегін білімге қол жеткізе алмады.  Биыл бүкіл республикаға бар болғаны 450 грант бөлінген», – делінген сейсенбідегі хабарда.
«Бірінші разрядтылар түсті, ал Азия чемпиондары, бірнеше мәрте Азия жүлдегерлері өте алмады. Неге осындай теңгермешілік болып тұр?», – деп түсінбейді жасөспірімдер арасындағы заманауи бессайыс бойынша жаттықтырушы Сергей Солдатов.
Академияда түсіндіргендей, биыл заң өзгерді. Енді грантты жоғары балл жинаған түлектер ғана алады. «Алтын белгі» және басқа да жетістіктерге қарамайды. Соның ішінде спорттық жетістіктерге де.
«Менің ойымша, тек спортшылар түссе ғана дұрыс, себебі оқу бағдарламасы соларға лайықталып жасалған. Бірақ біз не істей аламыз? Біз оқуға түскендерді, тек жоғары балл жинағандарды ғана оқытамыз», – деді Спорт және туризм академиясының проректоры Мұхтар Есқалиев.
Енді еліміздің жас чемпиондарына ақылы бөлімде оқуға тура келеді.   Немесе жеңілдіктерге үміттенуге болады.  Бұл ретте Академияда 4 жыл оқу Т2 млн. тұрады.
«Бізде жеңілдіктер бар. 10 -50% дейін. Жыл сайын студенттерге қолдау көрсету үшін біз ректордың атынан Т50 млн бөлеміз. Оларды 25 тамыздан кейін бөледі. Ал әзірге біз студенттерден өтініштер қабылдап жатырмыз», – деп атап өтті  М. Есқалиев.
        Оқуға түсе алмай қалғандардың бірі – бессайыстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Әділ Ибрагимов. Ол бірыңғай ұлттық тестілеуден 112 балл жинаған. “Мектеп бітірген соң академияның грантына түскім келді. Бірақ грантты қысқартып тастапты. Енді мынадай заңды сұрақ туады: осы уақытқа дейінгі менің жетістігім қайда қалды?” дейді спортшы абитуриент.
         Ал енді осы дұрыс па? Жыл он екі ай жарыстарда жүрген жастар грантқа түсе алмай қалса, ендігі жерде ел намысын кімдер қорғайды?

«Айқын» ақпарат

Толығырақ: https://aikyn.kz/2018/08/14/63910.html
http://bairaq.kz/

https://baq.kz
https://www.kaztag.kz
Close