АРХИВ

На кафедре «Социально-гуманитарных дисциплин» состоялось «Открытое собрание кафедры социально-гуманитарных дисциплин, посвященное 25 октября Дню Республики».

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында “25 қазан Республика күніне арналған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ашық мәжілісі” өтті.
Кафедра меңгерушісі А.А. Ибраимова Республика күні маңызды тарихи атаулы күн екенін, осы тарихи күнге орай академия деңгейінде отырыс ұйымдастырылғандығын алғы сөзінде баса көрсетті.
Күн тәртібінде:
•25 қазан Республика күнінің ұлттық мереке ретінде қайта енгізілуі.
•Қазақстан Халқы Ассамблеясының қоғамдық саяси өмірдегі рөлі деген 2 мәселе қарастырылды.
Мәжіліске ҚазСТА-ның бұқаралық спорт жұмысы және тәрбие бөлімінің жетекшісі, Қазақстанның ұлттық студенттік спорттық одағының вице-президенті М.З. Есқалиев мырза қатысты.
25 қазан Республика күнінің тарихи маңызы мен шығу тарихы туралы баяндама жасаған т.ғ.к. К.А. Тулентаева ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 29 қыркүйегінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойғандығы, осы жылдың маусым айында өткен Ұлттық құрылтай отырысында ҚР Президентінің Республика күніне ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ мәртебесін беруге ұсыныс білдіргені және мұның өте маңызды құптарлық іс екендігін атап өтті.
1990 ж. 25 қазанында қабылданған «ҚазақКСР-інің Егемендігі туралы Декларацияның» жариялануы ХХ ғасырдағы ең маңызды құжат болып табылатынын, оның басты 17 пунктен тұратындығы, Республика күнін тойлау неліктен алынып тасталынды ? деген өзекті мәселелер талқыланып, Декларацияның басты 17 пунктіне жеке-жеке түсіндірулер берілді.
Тарихшы К.Н. Жанғанатова биліктің қайнар көзі – халық, егемендіктің иесі-Қазақстан халқы екендігін өзінің «Қазақстан Халқы Ассамблеясының қоғамдық саяси өмірдегі рөлі» дейтін баяндамасында әңгімелеп берді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы: мәртебесі, рөлі мен қызметі, Ассамблеяның мақсаты мен негізгі міндеттерін атап өтті.
Доцент Қ.М. Жүкешев 25 қазан Республика күнінің ұлттық мереке ретінде қайта оралуы маңызды тарихи мәселе екенін бүгінгі таңдағы атаулы күннің мәнін ұғынуды, насихаттау қажеттілігі туралы тұжырымдамаларын ортаға салды.
Мәжіліс соңында ӘГП кафедрасының ұжымы Академия басшылығына өз ұсыныстарын жеткізді:
«Қазақстан-достық пен татулықтың мекені» ретінде дүние жүзіне танымалдығын негіздей отырып, Қазақстан халқын құрайтын 130 дан аса ұлт пен ұлыстардың мәдениетін, рухани құндылықтарын зерделеу және Қазақстандық жастарды толеранттылыққа баулу мақсатында ӘГП кафедрасы ұжымы «Қазақстан халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы» сынды элективті пәнді енгізуді ұсынды.
ҚазСТА-ның бұқаралық спорт жұмысы және тәрбие бөлімінің жетекшісі М.З. Есқалиев кафедра ұжымы ұсынысының заман талабына сай қажеттіліктен туындап отырған өзекті мәселе екендігіне тоқтала келе, Қазақстанның біртұтастығын сақтау жолында жас буын, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ұсынылып отырған курстың маңыздылығын алға тартып, әкімшілік отырысында мәселенің қаралып шешімін табуға әрекет жасалатынын мәлімдеді.
IMG_4607 IMG_4614 IMG_4592 IMG_4604 IMG_4618 IMG_4578 IMG_4553 IMG_4572 IMG_4609 IMG_4619 IMG_4582 IMG_4550
Close