Елімізде 5-маусымда өтетін республикалық референдумды түсіндіру мақсатында 20мамыр күні, сағат 12:00–де 310 – аудиторияда ӘГП кафедрасының ұйымдастыруымен 1,2, 3-курс ОСФ және КСжЖЖ студенттері арасында «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан»» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі баяндама жасаушылары т.ғ.к. аға оқытушылар Булгауов Ш.Т., Тулентаева К.А. Іс–шараға әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, информатика магистрі Ибраимова А.А; магистр, аға оқытушы Додаева Қ.Ж.; тарих магистрі, аға оқытушы Винокурова Е.И.; магистр, аға оқытушы Бодесова А.Е. қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер түсіндіріліп, профессор-оқытушылар мен студенттер өз ойларын ортаға салды.
Академия студенттері «Жаңа Қазақстан», «Екінші Республика», «Конституциялық реформа», «Референдум», «Азаматтық қоғам», «Еститін мемлекет», «Көп партиялық жүйе» туралы түсніктерді ортақ талқыға салынды.