Елімізде 5-маусымда өтетін республикалық референдумды түсіндіру мақсатында 18 мамыр күні сағат 12.00- де 310- аудиторияда ӘГП кафедрасының ұйымдастыруымен 3-курс студенттері арасында «Жаңа Қазақстан идеясы және Референдум» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Іс–шараға әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, информатика магистрі Ибраимова А.А; т.ғ.к., аға оқытушы Тулентаева К.А.; магистр, аға оқытушы Додаева Қ.Ж қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер түсіндіріліп, профессор-оқытушылар мен студенттер өз ойларын ортаға салды.
Академия студенттері «Жаңа Қазақстан», «Екінші Республика», «Конституциялық реформа», «Референдум», «Азаматтық қоғам», «Еститін мемлекет», «көп партиялық жүйе» туралы түсніктерді ортақ талқыға салды.