sliderАРХИВ

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ БАҒЫТЫ

Қазақ спорт және туризм Академиясында  «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ БАҒЫТЫ» деген тақырыпта Республикалық Жалпыхалықтық  Референдумға байланысты түсіндіру жұмыстары өтті.

Бұл бас қосуда әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасынның аға оқытушылары т.ғ.к. К.Н. Жанғанатова мен тарих магистрі Е.И. Винокурова баяндама жасады. Баяндама екі тілде мемлекеттік және ұлтаралық қарым-қатынас тілінде жасалды.

Баяндамада еліміз үшін тарихи маңызы бар мәсележалпыхалықтық  референдум туралы айтылды. ҚР-ның қолданыстағы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға спикерлер жеке-жеке тоқталып, қолданыстағы редакциясы мен ұсынылатын редакциясын қатар орналастыру арқылы  түсіндіріп өтті.

1265177B-DC25-4188-A352-99A99609B9E6 84601FFB-E153-4DA5-A429-4A90F6A47087 6C766A58-0B4A-41B6-97A0-4E2DBB30CCEF 3D4E1CA4-5279-4E8A-91E8-BD423217059A 9B441951-B84E-4058-87E5-E13D10EA3578

Қатысқандар:

1. Нұрмұханбетова Д.К. – ҚазСТА оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор;

2. Макогонов А.Н. – ДШжС университеттерінің  халықаралық ассоциациясының атқарушы директоры  / Академияның басқару аппаратының Жетекшісі;

3. Есқалиев М.З. – Қазақстанның ұлттық студенттік спорттық одағының Вице-Президенті / Бұқаралық спорт жұмысы және тәрбие бөлімінің Жетекшісі;

4. Ибраимова А.А.- информатика магистрі, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі;

5. Кефер Н. Э. –Спорттық ойындар кафедрасының меңгерушісі;

6. Ахмадиев Т. М. –  Бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жек кафедрасының меңгерушісі;

7. Дошыбеков А. Б. – Күрес және ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі;

8. Кисебаев Ж.С. – Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі;

9. Унтаев Х.К. – Жеңіл атлетика, қысқы, күрделі техникалық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі;

10. Ибрагимов А. Е. – Олимпиадалық спорт факультеті деканының орынбасары;

11. Додаева Қ.Ж ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

12.Тулентаева К.А. – ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.;

13. Дауренбекова А.Т. – ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, информатика магистрі;

14. Бодесова А.Е. – ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, информатика магистрі;

15. Булгауов Ш.Т. – ӘГП кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.;

Академия басшылығы мен ОСФ, КСжЖЖФ және Туризм Факультетінің студенттері  қатысқан (барлығы 200 адам) бұл басқосу барысында  көпшілікті толғандырған сұрақтарға спикерлер мен Академия басшылығы жауап берді.

Спикерлер: Қазақстан Республикасының азаматтарының  Конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтіп, халықтың ел басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейтілетіні туралы;

* Сайлау үдерісіне енгізілетін өзгерістер туралы;

* Құқық қорғау институттарын күшейту туралы;

* Елдегі әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдірутуралы;

* Сондай-ақ, Конституциялық Кеңестің орнына Конституциялық сот орнайтындығы жөнінде, соның негізінде алдағы уақытта заңнамаларға өзгертулер енгізілетіні жайлы мәліметтер берілді.

Ең басты мәселені бірі – фундаменталды адам құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылатындығы. Қазақстан азаматтарының Конституциялық құқығы бұзылған жағдайда аталмыш Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі жаңа жобада қарастырылғаны айтылды.

Баяндамашылар заңға саяси партияларды тіркеу рәсімдерін жеңілдетілетіндігі, көппартиялық жүйеқалыптасатыны бұл өз кезегінде саяси бәсекелестікті арттыруға негіз болатынын, елде –  демократияландыру процесінің басталғанын аңғартатынын атап өтті.

Бұл жолы ҚР Конституциясының 42, 43, 44, 46 50, 51, 52, 53, 54, 55, 57, 61, 62, 87, 15, 24, 82, 83, 71, 72, 91 баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілетіндігін айтылды. Жан-жақты түсіндіру жұмыстарын спикерлерден басқа Академия басшылығы, профессор-оқытушылар да жүргізді. Академияның студенттері де өз ойларын ортаға салды.

Көпшілік осы жылдың 5 маусымында өтетін референдумды қолдайтындарын, еліміздің жарқын болашағы үшін, демократиялық мемлекет орнату үшін дауыс беруге баратындарын жеткізді.

Проверьте также

Close
Close