
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, ҚР еңбегі сіңген спортшысы, Қазақ күресінен Алматы қаласының ересектер арасында құрама командасының аға бапкері, Әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия құрлығының үш дүркін чемпионы – “Күрес және Ұлттық спорт түрлері” кафедрасының аға оқытушысы Тәліп Бауыржан Таубалдыұлы “Қазақ күресінің техникалық-тактикалық даярлығы” тақырыбында академия күрес тобы студенттеріне мастер-класс өтті.

Мастер класс мазмұны – Қазақ күресі техникалық-тактикалық дайындығының деңгейін ескере отырып, технико-тактикалық қимылдарын жетілдіру мен оқыту әдістемесін меңгертуге бағытталды. Тандаған спорт түрінде техникалық қимылдарды, олардың мінездемесін және орындалу ерекшелігін, тактикалық дайындықтың ерекшеліктеріне талдау жасалып, студенттер сұрақтарына жауап берді.





Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма