sliderАРХИВ

«Міндетті үшжылдық еңбек өтемі» тақырыбында онлайн ақпараттық-түсіндіру конференциясы

2022 жылдың 5 сәуірінде АҚ «Қаржы орталығының» маманы Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен 2022 жылдың мемлекеттік білім беру гранты негізінде ауылдық квотаны қоса алғанда бітіруші түлектеріне арналған «Міндетті үшжылдық еңбек өтемі»  тақырыбында онлайн ақпараттық-түсіндіру конференциясы өтті.

Конференцияда «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-тармағына, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген  Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес түсіндірме ақпарат айтылған соң, «Қаржы орталығына» қандай негізгі құжаттар өткізу керектігі туралы ескертілді.

Ақзира Серікқалиқызы түлектердің  актуалды:

  • Еңбек өтемі қай мекемелерде жұмыс атқарса қабылданатыны;
  • Қай санаттағы түлектер заңға сәйкес еңбек өтемінен босатылатыны;
  • Еңбек өтемін жасамаған жағдайда қандай салдары болатыны;
  • Еңбек өтемі қалай есептелетіні және т.б. сұрақтарына жауап берді;

Ақпараттық-түсіндіру конференциясы өту нәтижесінде түлектер толық ақпаратпен қамтамасыз етілді.

картинка1

картинка 2

 

 

Close