АРХИВ
Президент Жолдауы – дамудың тірегі
Қазақ спорт және туризм академиясында елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жиын өтті. Аталған шара Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 10 басым бағытты атаған болатын: индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
“Өткен жылы өздеріңізге белгілі Қазақстанның үшінші жаңғыруы бастау алды. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы іске асуда.Қазақстанның жаңа әлем көшбасшыларының қатарына енуі үшін цифрландыру және ел өміріндегі барлық салаларға заманауи технологияларды енгізу – Елбасы Жолдауында ұсынылған мемлекет дамуының негізгі бағыты. Бүгін біз маңызды құжаттың басым бағыттарын Жамбыл облысында атқару бойынша түсіндіру және іске асыру үшін жиналып отырмыз”, – деді Академияның тәрбие және спорттық- бұқаралық істер жөніндегі проректоры М. Есқалиев.
Аталған жиында тарих пәнінің мұғалімі Қ. Жанғанатова «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Елбасымыздың Жолдауы еліміздің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істер екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ, Е.И. Винокурова жыл сайын жарық көретін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына Жолдауын асыға күтеміз. Себебі әрбір жолдау Қазақстанның қарқынды дамуы үшін әсері зор. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Болашағымыз жастардың қолында екенін және жастарды жаңартылған білім мазмұны арқылы оқыту әрине мұғалімдер екенін атап өтті. Жолдауда көрсетілген 10 басымдықты атқаруға өз үлесімізді қосуға шақырамын – деп сөзін қорытылады.
Жиынға оқытушылар мен профессор құрамы және студенттер толықтай қатысты.