Ұлттық спорт түрлері кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Ұлттық спорт түрлері кафедрасы

Ғылыми-зерттеу жұмыстың

ЖОСПАРЫ

 

Тақырыбы: Ұлттық шығыс жекпе-жегінде мамандандырылатын студенттер мен магистранттарды дайындау әдістемесі.

Мәселе: Жекпе-жектен дайындық әдістемесінде инновациялық технологиянылоқолдану.

Еңбек сипаты (эксперименттік, теоретикалық зерттеу, практикалық

тәжірибені жинақтау және т.б.)

ҰТС кафедрасының ПОҚ практикалық жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша  экспериментальды және тәжірибелік ғылыми зерттеу.

Тақырып ҰСТ кафедрасының жоспарына кіреді

Жоспар ҰСТ кафедрасының отырысында қаралған

«30» қазан 2018 ж.

Кафедра Ұлттық спорт түрлері

Тақырыптың жауапты жетекшісі: п.ғ.к., профессор Ж. И. Жунусбеков

Тақырыпты орындаушылар: Алимханов Е.А., Болдырев Б.Н., Ахмадиев Т.М., Санауов Ж.А., Мускунов Қ.С., Кунай С., Байырбеков А.Д., Конаев Т.А., Шалгынбеков А.К., Арыстанбеков А.А., Қабай Б.Н.,

Тақырып бойынша жұмыс басталды:

30 қазан 2018 ж.

Соңы:    30 қазан 2022 ж.

І. Тақырыпты дәлелдеу (тақырыпты талдау қажеттілігін  көрсету, оның ғылыми және тәжірибелік мағынасы). Тақырыптың ғылыми маңызы нақты дайындық маңызы мен кезеңіне байланысты оқу-жаттығу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы технологияларын негіздеуден; жекпе-жекпен айналысатын спортшылардың неғұрлым маңызды физикалық қасиеттерін анықтаудан; осы спорт түрінің қазіргі даму тенденцияларын ескере отырып құрылған спортшылар ағзасының ерекшеліктерін жан-жақты талдау қажеттілігінен; педагогикалық ықпал етудің қолданылатын құралдары мен әдістерінің мақсаттылығы мен дұрыстығынан тұрады. Арнайы кешенді тапсырмалар негізінде әзірленген жекпе-жекпен айналысатын спортшылардың дене шынықтыру даярлығын жетілдіру әдістемесі оқу-жаттығу процесі мен жарыс әрекетінің тиімділігін арттыруға, арнайы педагогикалық бағыттағы жаңа, мазмұнды әдістемелік нұсқауларды қалыптастыруға, спортшылардың дене дайындығының әртүрлі жақтарын жүйелі мониторингілеу қажеттілігіне елеулі үлес қосады.

ІІ. Зерттеудің міндеттері (нені анықтау қажет немесе зерттеу нәтижесінде дәлелдеу).

1.Жекпе-жекпен айналысатын спортшыларды дайындауда инновациялық технологиялардың маңыздылығын айқындау және спорттық шеберліктерін жетілдіруде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырудың әдістері мен құралдарын басым пайдалану.

  1. Жекпе-жекпен айналысатын спортшылардың нәтижелілігін жақсарту мақсатында дене және тактикалық дайындықты дамыту және жетілдіру үшін қазіргі заманғы тапсырмалар кешенін әзірлеу.
  2. Өткізілген эксперименттер барысында жекпе-жекпен айналысатын спортшылардың жалпы және арнайы дене дайындығының деңгейін арттыру үшін арнайы кешендердің тиімділігін дәлелдеу.

ІІІ. Зерттеу әдістері (зерттеудің алдына қойылған міндеттерді шешу, болжанатын әдістерді көрсету. Қолданылатын ғылыми аппаратураны көрсету, әдістемелердің қысқаша анықтамасын беру).

  1. Түрлі әдеби көздерді, оның ішінде зерттелетін мәселе бойынша бар әдістемелік және ғылыми, сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттарды зерттеу және талдау.
  2. Жекпе-жекпен айналысатын спортшылардың жарыстарға қатысуға дайындау бойынша қолда бар жұмыс тәжірибесін жинақтау.
  3. Педагогикалық бақылау.
  4. Педагогикалық экперименттер.
  5. Мониторинг және тестілеу.
  6. Бар бейне және аудио материалдарды логикалық талдау .
  7. Сауалнама және сұрау.
  8. Жарыс төрешілігінің есептері мен хаттамаларын өңдеу.
  9. Сандық көрсеткіштерді өңдеу әдісі.

Қойылған міндеттерді шешу теориялық және эксперементтік әдістердің жиынтығымен (салыстырмалы талдау, ғылыми-әдістемелік және арнайы спорттық әдебиеттерді жинақтау), сондай-ақ педагогикалық эксперимент, физикалық және функционалдық даярлықты педагогикалық тестілеу, техника-тактикалық әрекеттерді тіркеу, сауалнама жүргізу, математикалық статистика әдістері және т.б. қалыптастыратын педагогикалық бақылаулармен қамтамасыз етіледі.

ҰСТ кафедрасының ПОҚ құрамы жүргізетін ғылыми зерттеулердің тиімділігі мақсатында ҚазСТА спорт ҒЗИ бар келесі инновациялық технологиялық жабдықты пайдаланады:

12 арналы Электрокардиограф, 3 арналы электрокардиограф;

Жүгіру жолы;

Велоэргометр;

Уриноанализатор;

Кардиотестер;

Қан анализаторы;

Эргоспирометриялық кешен.

  1. Зерттеуді ұйымдастыру (зерттеу қандай жағдайда жүргізіледі – зертхана, спорттық практика: зерттеу нысаны мен пәні, эксперименттік және бақылау топтарын құру, жұмысты жүргізу тәртібі).

Зерттеу әдістері – әдеби көздерді талдау, педагогикалық бақылау, спортшының техника-тактикалық әрекеттерін тіркеу, педагогикалық тестілеу, педагогикалық эксперимент, математикалық, статистикалық әдістері.

Зерттеу объектісі жоғары білікті жекпе-жектердің оқу-жаттығу процесі.

Зерттеу пәні – инновациалық технологияларды пайдалана отырып, спортшылардың дене шынықтыру және техника-тактикалық дайындығын арттырудың кешенді әдістемесі.

  1. Жұмыстың күнтізбелік жоспары.
Кафедра тақырыптарының міндеттері мен іске асыру бойынша іс-шаралар Ұзақтығы (айларда) Жұмыстарды орындаудың басталуы мен аяқталуы (кк/аа/жж) Іске асыру жылдары кафедралық іске асырудан күтілетін (міндеттер мен іс-шаралар)
2019 2020 2021
1 Теориялық талдау жүргізу, қойылған мәселелер 9 айға Жалпы және арнайы дене дайындығының тиімділігін арттыру проблемаларын анықтау. Гипотезаны тұжырымдау, зерттеу объектісін, мақсатын, міндеттері мен әдістерін анықтау. Мәселелерді әзірлеу, жекпе-жектерді дайындау бойыншаинновациялық технологиялар менеджменті
2 Теориялық және әдіснамалық тұжырымдаманы әзірлеу Оқу-жаттығу үрдісінің инновациялық технологияларын қалыптастыру физикалық дайындық деңгейін және технико-тактикалық әрекеттерді тіркеу әдістемесін бақылау үшін тесттерді таңдау. Арнайы ұғымдарды қолдануға негізделген педагогикалық эксперимент жүргізу.
3 Ғылыми-зерттеу жұмысын қорытындылау Сауалнама нәтижелерін салыстырмалы талдау. Спорттық шеберліктің әр түрлі деңгейдегі жекпе-жектердің, жаттығу процесінің ұсынылып отырған әдістемесін енгізу нәтижелерін статистикалық өңдеу.

 

  1. VI. Күтілетін нәтиже
Жоспарланған іс-шаралар Саны
1 Нөлдік емес импакт-факторымбар халықаралық рейтингтік ғылыми журналдарда жариялау (Scopus, Thomson Reuters) 1
2 ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған рецензияланатын ғылыми журналдардағы, РИНЦ халықаралық конференциялардағы жариялымдар 7
3 Оқу, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсынымдар шығару 2
4 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу 1
5 Қазақстанда авторлық куәлік алу 1
6 Зерттеу нәтижелерін насихаттау мақсатында конференциялар, көрмелер жұмысына қатысу және БАҚ-та сэөз сойлеу 9

 

VII. Жұмыс жоспарының орындалуын бақылау.

Жұмыстың мазмұны бойынша ескертулер мен орындалғаны туралы белгілер Тексеру күндері

 

Close